Жол құрылысын жүргізген кезде кететін кемшіліктердің алдын алу маңызды. Осы мақсатта бүгін өңірдегі жолшы мамандар бас қосып, "Автомобиль жолдарын жөндеу және салу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау, орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жасау және диагностикалық, аспаптық тексеріс жүргізу" мәселелері бойынша оқу-семинарын өткізді. Семинар барысында өңір жолдарына қатысты өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Семинар жұмысына облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалының мамандары, сондай ақ жол құрылысына қатысты өзге де мекеме, кәсіпорын мамандары қатысты. Олар жол құрылысы саласындағы сапа және тиімділік арттыру, жол қауіпсіздігін қадағалау, қызмет ашықтығы мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу секілді маңызды мәселелерді бірлесіп талқылады.
- Тапсырыс берушілер және ЖХК аудандық қалалық жол басқармасығ Қазавтожол мамандарының басын қосып жол саласныджағы әсіресе сапа жөніндегі оқу жұмыстарын жүргіземіз. Енгізіліп жатқан норматиквтік техникалық құждаттамалар, жаңадан қолданысқа енгізіліп жатқан нормаларымыз бар.Сосын манағы диагоностикалық аспаптық сараптамалық жұмыстарымы және өзіңіз білетіндей орташа жөндеудегі ведомостволақы сараптама біздің ұйымнан өтеді және сол жөнінде құжаттарды дайындаған тапсырыс берушілердің көбіне кететін қателіктерін атап өткізіміз келеді. Олар біріншіден сметалық құжаттамам дайындағанада әр жұмысытың баға құнының дұрыс салынбауы, яғни өлшенуі және мына тех құжаттардың әсіресе материалдардың тасымалдау бөлігіндегі қателіктер кездеседі солардың барлығын түсіндіру, болашақта осындай қателіктерге жол бермеу барысында осындай оқу семинарын жүргіземіз,-деп атап өтті "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" БҚОФ бөлім басшысы Дәурен Әміров.
Өңір жолдарының жай-күйі мамандардың ұдайы бақылдауында. Жолшы мамандар автокөлік жолдарының қысқы күтіп ұстау жұмыстарын назарда ұстап келеді. Дегенмен, ерекше назар аударатын тұстар азз емес,- дейді сала мамандары.
Мәселен, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы сараптама жасау аясында ел аумағында қолдануға рұқсаты бар құралдарды, өлшеу құралдары мен жабдықтарды қолдана отырып, сараптама жүргізеді. Дөңгелек үстелде жол құрылысы саласындағы маман тапшылығы мәселесі де көтерілді. Сонымен қатар құрылыс материалдарының сапасыздығы да жолдардың жағдайына теріс әсер ететін бірден фактор,- дейді мамандар.
"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" БҚОФ баспасөз қызметі