19.02.2025, 10:15
Оқылды: 254

Шекара қызметкерлері оқушылармен кездесті

Елдің ел болуы, халықтың бейбіт өмір сүруі оның шекарасының беріктігіне байланысты. Ал, сол қағиданы біздің шекарашылар асқан жауапкершілікпен еңсеріп келеді.

шекара1

Олар  жұрт ұйқыда жатқанда, елдің шетінде, желдің өтінде жүріп,  кірпік қақпастан  халықтың тыныштығын күзетеді.  Сондықтанда, шекарашылардың  еңбегі ерлікпен тең. Олар тек шекара шебін күзетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, жастарды шекарашылар қызметіне баулу бағытында да жұмыстанады. Оған жуырда «Тасқала» шекара бөлімінде "Жас шекарашылар" жоспарына сәйкес С.Жақсығұлов атындағы орта мектептің 11 сынып  оқушыларымен өткен шара дәлел. Мұндағы басты мақсат оқушыларды шекарашы мамандығын таңдауға қызықтыра отырып, жас ұрпақты  ел шебін қырағылықпен  күзететін шекара сақшысы болуға ынталандыру, шекарашы мамандығын жастар арасында кеңінен насихаттау болатын.

Шараға Тасқала шекара бөлімі бастығының орынбасары, майор Нұрлан Иманбеков пен Тасқала шекара бөлімі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Марлен Сапаров қатысып, оқушыларды шекара өмірімен және  қызмет барысында  қолданылатын қару-жарақ түрлерімен таныстырды. Сондай-ақ, мемлекеттік шекараны қорғаудың маңыздылығын тілге тиек ете келіп, болашақ мамандықтарын шекара қызметімен байланыстыруға шақырды.  Ел шебін қорғаймын деген  жастарға Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясына қалай оқуға түсу керектігін түсіндірді.

шекара

Мазмұнды өткен шара барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оған шекара қызметкерлері тарапынан тұшымды жауаптар алды. Бір сәт шекарашылар  қызметінің оңай еместігіне көз жүгіртіп, оның жауапкершілігін сезіне білді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Гүл Нұр,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале