Қазіргі уақытта мердігер компания анықталып, келісімшарттар жасалып қойған. Жалпы А.Н.Островский атындағы драма театрын күрделі жөндеуге бюджеттен 593 млн теңге бөлінген.

Сурет: qazaqstan3d.kz
- Қазіргі уақытта конкурс аяқталып, мердігер анықталды. А.Н.Островский атындағы драма театрына «Казреставрация» мекемесі күрделі жөндеу жүргізетін болады. Бүгінгі таңда театрды күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары басталып кетті,- деп атап өтті БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Ниғметуллин.