Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нүркен Шарбиев атап өткендей, соңғы жылдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристер саны артқан, 2019 жылы 1,3 млн болса, 2024 жылы 2,8 млн-ға жеткен. Ұлттық парктерде 121 туристік маршрут және 35 соқпақ бар, оларды жайластыру және жаңаларын құру бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Былтыр «Жасыл Даму» АҚ-мен бірлесіп «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктері жанынан «таза туризм» пилоттық бағдарламасы қолға алынды.
«2025 жылы аталған пилоттық жобаны Іле-Алатау, «Алтын-Емел», Қарқаралы, Сайрам-Өгем, «Көкшетау», Баянауыл, Бурабай сияқты басқа да ұлттық парктерге масштабтау жоспарланып отыр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.