Рейс кешігуі – кез келген жолаушы тап болуы мүмкін жағымсыз жағдай, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жолаушылардың құқықтары қандай?
Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңның 86-бабына сәйкес рейс кешігуіне әуекомпания кінәлі болған жағдайда әуе кемесі кеш келуіне байланысты тасымалдаушы мынаған міндетті:
Ақшалай өтемақы алуға бола ма?
Заңға сәйкес жолаушылар ақшалай өтемақы алуға да құқылы.
"Жолаушыны межелі жерге кеш жеткізгені үшін тасымалдаушы әр кешіккен сағат үшін тариф (кешіккен ұшу учаскесінің тарифі) құнының үш пайызын айыппұл ретінде төлеуге міндетті. Сонымен қатар, жолаушы кешігуіне байланысты шығынға ұшыраған жағдайда да өтелуі қажет. Айыппұлдың жалпы сомасы сатып алынған тарифтің (ұшу учаскесінің тарифінің) құнынан аспауға тиіс" - деп түсіндірді ААК өкілдері.
Өтемақыны қалай алуға болады?
Егер рейсіңіз кешігіп, тиісті өтемақы немесе қызметтерді алғыңыз келсе:
"Осы бапта көзделген талаптарды бұзған тасымалдаушылар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады" - деді ведомство өкілдері.