23.02.2025, 10:00
Оқылды: 385

Жәнібек ауданы әкімі кубогі Ақжайыққа бұйырды

Кеше«Жәнібек» спорт клубында аудандық, қалалық, облыстық әкімдіктердің мемлекеттік қызметкерлері арасында волейболдан Жәнібек ауданы әкімі кубогі үшін жарыс өтіп, оған алты команда қатысқан болатын.

image-22-02-25-07-28

Дода нәтижесінде Жәнібек ауданы әкімінің кубогі Ақжайық ауданының командасына бұйырды. Екінші орынды Бөкей ордасы ауданының командасы алса, үшінші орынға БҚО әкімдігінің командасы ие болды.

photo-output
«Үздік шабуылшы» аталымымен Батырлан Биянов (Ақжайық ауданы), «Үздік қорғаушы» аталымымен Олжас Нұркенов (Бөкей ордасы ауданы), «Үздік ойыншы» аталымымен Әділжан Ғұбашев марапатталды.

photo-output

photo-output
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале