24.02.2025, 16:15
Оқылды: 651

Жәнібек-Өнеге тас жолында жол апатынан зардап шеккен төрт адамның жағдайы ауыр

Бүгін Жәнібек-Өнеге тас жолында жол апаты болып, үш адам қайтыс болғаннын айтқан болатынбыз. Осы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы дәрігерлер айтты.

WhatsApp Image 2025-02-24 at 15.50.45

-Белгілі болғандай 2004 жылғы науқастың жағдайы ауыр. Ал 2005 жылғы екі науқас және 1981 жылғы азаматтың жағдайы орташа ауыр күйде. Олар қазір Жәнібек аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Жедел жәрдем станциясына хабар 9:24-те түскен. Оқиға орынына барған жедел жәрдем бригадасы үш адамның өлімін тіркеп, төрт адамды Жәнібек аудандық ауруханасына жеткізді,- деп мәлімдеді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале