ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде 26-27 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескерту жасап, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Сурет: сайт архивінен
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтілуде: боран, қатты жауын-шашын, температураның күрт төмендеуі, тұман, желдің күшеюі, және көктайғақ.
26 ақпанда Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 26 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.