26.02.2025, 20:00
Оқылды: 212

Оралдық домбырашылар ансамблі Бәйтерек ауданында өнер көрсетті

Бәйтерек ауданы Достық ауылында әдемі де әсерлі музыкалық кеші өтті. Онда Орал қаласындағы "Бабалар үні" домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.

IMG-20250213-WA0027 (1)

Айта кетейік, 2020 жылы ұлт-аспаптар триосы, квартеті ретінде құрылған ансамбль уақыт өте келе кәсіби деңгейін жетілдіріп, көркемөнерпаздар ұжымына айналды. Киелі домбыраны жанына серік еткен ардагерлер бүгінде халыққа рухани азық сыйлап, ұлттық өнердің дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Ансамбльдің жетекшісі Амангелді Жанахметов атап өткендей,. Өнер ұжымның басты мақсаты – қазақ халқының күй өнерін дәріптеу, ата-бабадан жеткен асыл мұраны келешек ұрпаққа аманаттау. Осы мақсатта ансамбль Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина, Сейтек, Сүгір сынды ұлы күйшілердің шығармаларын орындап, мәңгілік сарынға үлестерін қосуда.

IMG-20250213-WA0017 (1)

Концертте Дәулеткерейдің "Қос алқа",  Ә.Желдібаевтың "Ерке сылқым", Құсайыновтың "Мереке", А.Жұбановтың "Би", Құрманғазының "Адай" сынды күйлерін орындады. Сондай-ақ Шәмшінің "Арыс жағасында", "Кешікпей келем деп ең" әндерімен бірге, "Бір бала", "Құсым қорған", "Ауылың сенің іргелі" сынды халық әндерін нақышына келтіре шырқап, тыңдарманға ерекше әсер сыйлады.

IMG-20250213-WA0021 (1)

Үш жыл ішінде көптің ықыласына бөленген ансамбль алдағы уақытта да қазақтың төл өнерін насихаттап, бабалардан қалған рухани мұраны жаңғырта бермек.

Саида Жайық,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале