10.11.2016, 17:17
Оқылды: 51

125 тал-терек екті

%d0%b0%d0%b3%d0%b0%d1%88-%d0%b5%d0%b3%d1%83    Орал қаласындағы Тəуелсіздік алаңында «Отан ағаш» атты республикалық акция өтті.

  Ел тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға еліміздің барлық өңірінен келген «Жасыл ел»  еңбек жасақтарының өкілдері қатысты.


   Акцияны ашқан Орал қаласының əкімі Нариман Төреғалиев облыс орталығына келген жас қонақтарға, мұндай шараның қаламызда өтуі оралдықтар үшін маңызды екенін атап өтті. Егемендіктің ширек ғасырында қол жеткізген жетістіктерді шолып өткен  шаһар басшысы бұл істерге жастар да үлкен үлес қосқанын жеткізді. Соның ішінде «жасылелдіктер» қаланың тазалығына, абаттандыру жұмыстарына кеңінен тартылуда.

  Шара барысында сөз алған «Жасыл ел» республикалық еңбек жасақтары штабының басшысы Рахат Хамидуллинның айтуынша, «жасылелдіктер» жыл басында ел тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 мың түп ағаш егуге уəде берген. Соған орай жыл ішінде мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде тал-теректер егілді. Қалған 125 ағашты Оралда отырғызу жоспарланып отыр. Жалпы жыл сайын республика көлемінде 12-13 мыңдай жас «Жасыл елдің» қатарында еңбек етеді. Бұл жастардың бойында отансүйгіштіктің дамуына, еңбекке шыңдалуына, болашақта қоғамнан өз орнын табуға ықпал жасайды.

   Шара соңында жиналған жастар Тəуелсіздік алаңының бойына 125 тал-терек екті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале