3.03.2025, 16:43
Оқылды: 338

Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебі салынуда

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды. Бұл жоба Қазақстанның талантты балалары үшін бірегей білім беру ортасын құруға бағытталған. Алматы қаласына жұмыс сапары барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп құрылысымен танысты", - деп хабарлайды ҚР оқу-ағарту министрлігі.

c5c014b1e31e2ef017e3ee5cbedb63b8_1280x720

Фото: www.gov.kz

Мектеп 900 оқушы орнына арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар үйі, кітапхана, спорт кешені қарастырылған. Ол биылғы жылы ашылады деп жоспарланып отыр.

Жаңа білім беру ұйымының концепциясы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделген.

«ABAI ULTTYQ MEKTEBI»-нің құрылуы – отандық білім беруді дамытудағы ең маңызды стратегиялық қадамдардың бірі, ол өзінің шыққан тегін жақсы білетін, бірнеше тілді меңгерген және жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алатын зиялылардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталады», - деп атап өтті министр.

Жобаны жүзеге асырудағы маңызды қадам - «ABAY-Programme» біртұтас білім беру бағдарламасының әзірленуі болып табылады. Ол көптілді, зиялы және ұлттық сипаттағы тұлғаны қалыптастыруға негізделген. Мектеп сондай-ақ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетімен серіктестік орнатады. Ынтымақтастық аясында «Абай зертханасы» құрылып, ол гуманитарлық білім саласындағы әдістемелік және ғылыми зерттеулер орталығына айналады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале