5.03.2025, 10:16
Оқылды: 219

Биыл түсті металлургия саласында 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

"Биыл еліміздің түсті металлургия саласында жалпы инвестиция көлемі 42,5 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл шамамен 1300 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

3aa16282b844e8f2665748585d993cef_1280x720

Фото: www.gov.kz

Жаңа жобалардың ішінде доре алтын қорытпасының өндірісі, катодты мыс пен алюминий профильдерін өндіру бойынша жобалар бар.

Биылғы жылға жоспарланған жобалардың жобалық қуатына шығу кезінде олардың өндіріс көлемі шамамен 35,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 4,5 теңгенің өнімі экспортқа бағытталады, ал 31 млрд теңгенің өнімі импортты алмастыруға бағытталады деп күтілуде.

Өткен жылы салада жалпы құны 139,4 млрд теңге болатын 10 жоба іске асырылып, 1500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жобалар қатарында доре алтын қорытпасын, тазартылған мыстан жасалған табақтарды, алюминий сымын, тазартылған қорғасын, сондай-ақ мыс пен алюминийден жасалған құйма түріндегі дайындамалар өндірісі бар. 2024 жылы іске қосылған барлық жобалар толық қуатына шыққан кезде өндіріс көлемі шамамен 117,2 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 71,7 млрд тенгенің өнімі экспортқа бағытталса,  45,5 млрд теңгенің өнімі ішкі нарыққа бағытталады.

QazIndustry мәліметінше, түсті металлургия саласында қазіргі уақытта жүзеге асу сатысында құны 2,2 трлн теңгеге 36 жоба бар. Бұл жобалар 9800-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, оның ішінде 7600 жуық жұмыс орны ауылдық жерлерде және 2200 қалалық жерлерде құрылады деп күтілуде.

Барлық 36 жоба толық жобалық қуатына шығу кезінде жоспарланған өндіріс көлемі шамамен 2,1 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 1,2 трлн теңгенің өнімі экспортқа бағытталады, ал 0,9 трлн теңгенің өнімі импортты алмастыруға бағытталады.

Аймақтар бойынша қарастырғанда, түсті металлургия саласындағы ең көп жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан жобалар Қарағанды облысына тиесілі.

Айта кетейік, түсті металлургия – отандық өнеркәсіптің ірі әрі жетекші салаларының бірі. Оның дамуына Қазақстанның бай табиғи ресурстары, соның ішінде мыс, мырыш, никель, қорғасын, алюминий, алтын, күміс және басқа да металдардың ірі кен орындары үлкен ықпал етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале