11.11.2016, 15:24
Оқылды: 23

Үздік салық төлеушілер марапатталды

%d2%af%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d1%82%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d1%83%d1%88%d1%96%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b

 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сай Мемлекеттік кірістер комитетінің жыл сайынғы жоспары жасақталады. Ал биылғы жыл салық қызметі органы мен кеден органдары үшін мерейлі болғалы тұр. Себебі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына қоса, қос органның құрылғандарына да ширек ғасыр толады. Осы орайда бекітілген жоспарға сәйкес, Теректі аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында «Үздік салық төлеуші» аталымының жеңімпаздары анықталды.


Басқарма арнайы комиссия құрып, өз міндеттеріне жауапкершілік танытқан, салықтарын уақтылы төлеп тұратын азаматтарды ортаға алып, құрмет көрсетті. Олардың арасында заңды тұлғалар бойынша  облысымызға танымал компания, Бисен Дауымов басшылық ететін «Жайықгидрогеология» ЖШС-і үздік танылса, жеке тұлғалар бойынша Марат Жұмағалиев басқаратын «Жеңіс» жеке кәсіпкерлігі марапатқа лайық деп танылды.

Қос ұжымның өкілдеріне аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Бердіғалиев алғыс хат пен гүл шоқтарын ұсынды.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале