6.03.2025, 15:00
Оқылды: 486

Жәнібек ауданында арулар арасында волейболдан ашық турнир басталды

 

8 наурыз – жылдың ең жарқын, ең аяулы, ең маңызды мерекесі. Барша әйелдер қауымына деген құрметті паш ететін айтулы күннің қарсаңында жыл сайын ауданымызда бірқатар мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады. 

image-06-03-25-12-04-3

Мерекеге орай «Жәнібек» спорт клубында әйелдер арасында волейболдан ашық турнир басталды. Турнирге Тау, Қамысты, Ақоба, Күйгенкөл, Талов ауылдық округтерінен келген командалар мен М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, Т.Жароков атындағы орта мектебі, А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі мен аудандық аурухана, білім беру бөлімі мен қосымша білім беру ұйымынан жасақталған командалар қатысты.

image-06-03-25-12-04-4

Ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік Гимні шырқалып, аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов нәзік жандыларымызды мерекелерімен құттықтап, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

image-06-03-25-12-04-2

Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпазы Райымбек Нұрғалиевтың әсем әнінен соң  алғашқы тартысты ойын Ақоба мен Күйгенкөл ауылдық округтерінен келген командалар арасында өтуде.

Арай Сейфолла 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале