Бүгін Сырым ауданында “Ашық әкімдік” шарасы өтті.
Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов және аудандық әкімдікке қарасты бөлімдердің басшылары түске дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сол секілді прокуратура, полиция, денсаулық сақтау, білім беру саласының басшылары да қабылдаулар өткізді.
“Ашық әкімдік” шарасына 14 тұрғын келген. Басым көпшілігі тұрғын үй мәселесі бойынша жолыққан. Айтуларынша, баспаналары 2024 жылы болған су тасқынының зардабы салдарынан тұруға жарамсыз күйге түскен. Шығындар өтелді, жаңа қоныстар тапсырылды десек те ел ішінде төтенше жағдайдан залал тартқанын дәлелдей алмай жүрген адамдар әлі бар.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін ерекше атап өтті. “Ашық әкімдік” бұқара жұртқа басшылықпен барьерсіз сөйлесуге мүмкіндік береді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы