Бүйректің созылмалы ауруы - еліміздегі өлім-жітімнің негізгі факторларының бірі. Ол жыл сайын ондаған миллион адамның өмірін қияды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: istockphoto.com
Әлемдік статистика деректері бойынша созылмалы бүйрек ауруының жаһандық таралуы шамамен 11-13% деңгейінде. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі егде жаста, 38% жағдайда 65 жастан асқандарда байқалады. Сарапшылардың сөзінше, сондықтан мұндай науқастардың созылмалы қосымша аурулары қатар жүреді.
Еліміздегі сарапшы дәрігерлердің мәліметіне сүйенсек, қазір 9 мыңнан аса адам гемодиализ процедурасына жүгінеді. Мұндай науқастардың саны жыл сайын артып келеді.
Статистика деректері 2024 жылғы наурыздағы жағдай бойынша бүйрек трансплантациясын жасатуға шамамен 3600 қазақстандық кезекте тұрғанын көрсетеді. Трансплантацияны күтіп жүрген пациенттердің 90%-ға жуығы бүйректі ауыстыруды қажет етеді. Өкінішке қарай, талай адам кезегіне жете алмайды екен.
"БСЖ дерті байқалмай өтеді және асқынған кезде белгі береді, сөйтіп диагноз кеш қойылады. Пациенттер көбіне дәрі ішеді де, гемодиализ, аптасына кемінде үш рет 4-5 сағаттық қан тазарту рәсімі немесе бүйрек трансплантациясы қажет болғанда ғана кәсіби көмекке жүгінеді. Өмiр салтын өзгерту, гликемия мен артериялық қысымды (АҚ) бақылау, нефропротектив терапияны қолдану ауруды ерте анықтау, алдын алу, өршуiн бәсеңдетуі және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупiн төмендетуi мүмкiн", - деді маман Лаура Гаражаева.