9.03.2025, 16:21
Оқылды: 418

Мемлекеттік қызмет саласындағы оң өзгерістер

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР МҚІА-нің алдына көптеген міндеттер мен тапсырмалар қойған болатын. Мақсат мемлекеттік қызметтің барынша үйлесімді үлгісіне көшу. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Агенттікпен мемлекеттік қызметке орналасу процесстері толығымен автоматтандырылғаны белгілі. Біз Мемлекеттік қызметтегі басқа да өзгерістер мен жаңалықтар туралы аудан әкімдігінің аппарат басшысы Ерік Төлепқалиевпен сұхбат құрған болатынбыз.

photo-output

- Ерік Тілекбайұлы, Мемлекеттік қызметке іріктеу, қабылдау процессін цифрландыру мақсатында «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің порталында мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі жасалды. Осы бойынша кеңінен түсіндіріп берсеңіз?
- «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы басталды. Жаңа формат мемлекеттік қызметке іріктеу процесін барынша оңайлатып, ашықтығын қамтамасыз еткен. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге онлайн режимде, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Жүйе 24/7 жасайтын болады. Іріктеудің жаңа форматы адам факторын толығымен жояды деген сенім бар. Сонымен қатар, оқу орындарын мемлекеттік грантпен оқып, GPА-3,33-ден жоғары көрсеткішпен аяқтаған түлектер аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алады. Бұның басты мақсаты – мемлекеттік аппаратты білікті, дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту, аудан мен ауылдық аймақтарға қайта оралуы, сонымен қатар, кадр тапшылығын азайту. Бүгінгі күнде ауданымыз бойынша осы жаңа тәсілмен 8 түлек төменгі лауазымдарға Уәкілетті органның келісімі негізінде конкурссыз тағайындалды.
- Басқа аймаққа ауысатын қызметшілерге төлем белгіленген екен. Осы жақсы жаңалық қалай жүргізілмекші?
- Иә, ол ротациялық төлем деп аталады. Яғни, басқа аймаққа ауысатын қызметшілерге ротациялық төлем төлеу енгізілді. Қолданыстағы Заңға сәйкес, өзге өңірге ротацияланатын қызметшіге уақытша үй беріледі.Осы жерде жаңадан енгізілген келісімшарттық қызметші институты туралы да айта кетейін. Бұл жерде ұлттық және өзге де жобаларды іске асыру үшін келісімшарт бойынша мемлекеттік органға тартылған Қазақстан Республикасының азаматы, содан кейін, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес сайланған әкімдер сынақ мерзімінен және ротациядан босатылатыны көрсетілген. Сондай-ақ осы Заңға сәйкес 2 тоқсан бойы қанағаттанарлықсыз баға алған мемлекеттік қызметшілер лауазымынан төмендейді, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда – атқаратын лауазымдарынан босатылады. Басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылады. Бұл жерде айта кету керек, егер мемқызметші басқа лауазымға орналасса, оның бұрыңғы лауазымында алған тәртіптік жазасы автоматты түрде түсіп қалатын еді, ал енді соңғы өзгеріске сәйкес тәртіптік жаза мемқызметшіде қала береді.
- Ал енді мемлекеттік қызметшілерді қолдау шараларына тоқталсаңыз?
- Мемлекеттік қызметшілерді қолдау шараларына тоқталатын болсақ:
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы негізінде 2021 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасы мемлекеттік қызметшілерге де қарастырылды. Бұл өзгерістер ауылдық елді-мекендерде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тарту мақсатымен қолға алынған. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында келесідей әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған – бұл көтерме жәрдемақысы, тұрғын жайға алуға немесе салуға бюджеттік несие.
- Жобаның өзіндік шарты бар шығар?
- Иә, әрине. Бұл Жобаның басты шарты - мамандар осы ауылдық округте 3 жыл қызмет етуі тиіс. Сондай ақ, мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу, меритократия қағидатына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілік талаптарына сай болған жағдайда жоғары лауазымдарға ілгерілету, мемлекеттiк қызметшiлер кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы мақсатында басқа мемлекеттік мекемелерге, лауазымдық міндеттері аясында жеке секторларға тағылымдаға жіберіледі. Бұл кезде олардың жұмыс орындары сақталады. Конурстық іріктеуден өтіп, мемлекеттік қызметке келген жас мамандарға арнайы қолдау көрсетіледі. Оларға үш айға дейінгі мерзімге тәлімгер бекітіліп, оған мемлекеттік қызметшінің функционалдық міндеттерін орындау жолдары үйретіледі.
- Мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасын айқындау бойынша өзгерістер бар ма?
Мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасын айқындау мақсатында олардың қызметіне бағалау жүргізіледі. Бұрын бағалау жылдың соңында 1 рет жүргізілген болса, қазіргі өзгерістерге сәйкес бағалау тоқсан сайын жүргізіледі.
- Жобаның өзіндік шарты бар шығар?
- Өз кезегінде бағалаудың нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын жоғарылату, төмендету не қызметтен шығару жөніндегі шешімдерді қабылдауға негіз болып табылады.
Сұқбат бергеніңіз үшін көп рахмет. Мемлекеттік қызметтегі жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

Сұхбатты жүргізген Дариға Нұрашова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале