10.03.2025, 9:53
Оқылды: 376

Шыңғырлауда су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

Шыңғырлау ауданы бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қар шығару жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Демалыс күндері де аталмыш шаралар қарқынды жүргізілуде. Техникалар күшімен қарлар шығарылса, адам күші жыраларды ойып, арықтарды тазартуға жұмсалып жатыр.

image-09-03-25-04-16-3

Суға кету қаупі бар бірқатар көшелерде Шыңғырлау Комтехсервис мекемесінің техникалары, сондай-ақ, тұрғындар жеке техникаларымен қар шығаруға атсалысуда. Аудан көшелерінде кешеден бері Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппараты, ауданымыздың электрожелісі, Қазақтелеком, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық, қаржы және экономика, орман шаруашылығы, ветеринариялық станция, ТҮКШ бөлімдерінің ұжымдары арықтарды тазалап жатыр.

image-09-03-25-04-16-4
Биыл аудан көшелерінде қардың көлемі былтырғыдан да көбірек екені байқалады. Сондықтан барша тұрғындарды үй-жайларының қарын көшелерге шығарып, аулаларын тазартып, ортақ іске атсалысуын сұрайды жауапты мамандар. Сондай-ақ төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 жедел желісі бойынша хабарласу қажеттілігін ескертеді.

image-09-03-25-04-33
-Биыл қар жылдағыдан көп. Менің ауламды да біраз толтырды. Үлкен техникалардың аулама кіре алмайтыны белгілі. Көшеміздің тазартылып жатырғанын пайдаланып, мен де ауламдағы қарды шығарып жатырмын. Өз ауламды осылай сақтап қалуға тырысудамын, - дейді ауласының қарын көшеге тасып жатқан Целинная көшесінің тұрғыны Юрий Гостяев.
Көшелер жеке тұрғындар Нұрбол Ақпанов, Қайрат Базарғалиев, Равиль Мардынов және жауапты мекемелердің техникаларымен тазартылу үстінде. Қар шығару жұмыстары әлі де жалғасын табады.

Гүлжазира Асу
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале