Сырым ауданында көктемгі су тасқынының алдын-алу шаралары жоспарға сай атқарылып жатыр.

Осыған дейін жымпитылықтардың қол күшімен көмектесіп, арықтарды, каналдарды, шүмектерді аршып, қар мен мұздан тазартқанын жазғанбыз. Кешегі 9 наурыз күнгі сенбілікте де өнімді жұмыстар жасалды. Еріктілер қолдарына күрек алып, суағарлардың, өткелдердің бойымен жүріп өтті .
Қар тазалау жұмысы да қарқынды. Бір күнде 5910 текше метр қар шығарылуда. Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, құм қаптау жұмыстары да жүргізілген.

Қазіргі таңда 300 тонна инертті материал дайын. Іркілген суларды айдау үшін 15 мотопомпа дайын. Қосымша 4 ассенизатормен келісімшарт жасалған.

Сіздің ойыңызша биыл су тасқыны қайталануы мүмкін бе?!
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы