11.03.2025, 14:45
Оқылды: 298

Жұмысшы мамандар марапатталды

Наурыздың екінші сенбісі - жерге орналастыру, геодезия және картография күні. Кәсіби мерекеге орай жер саласында талмай еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандар марапатталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды. 

 

e460566f0182d4bc0fe1235ec7f7b2ba_1280x720

Сурет: gov.kz

Шара Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің бастамасымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қабырғасында өтті.

Ашылуында ҚР АШМ вице-министрі Е.Тасжүреков, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі З.Дүйсенбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Әшімбетов құттықтау лебіздерін жеткізді.

«Сіздердің біліктіліктеріңіздің арқасында жер ресурстарын басқару жүйесі жетілдіріліп, тұрақты дамып келеді. Залда болашақ жерге орналастырушы, геодезист және картограф маман болатын студенттер отыр. Сіздер осы саланың ертеңі, еліміздің болашағысыздар» - деді Ербол Тасжүреков.

Шара барысында жер саласында талай жыл үздіксіз қызмет жасап келе жатқан мамандар еңбегі жоғары бағаланды. Нәтижесінде, 17 азамат «Құрметті жерге орналастырушы» салалық төсбелгісімен, 29 маман «Үздік жерге орналастырушы» Құрмет дипломымен марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале