11.03.2025, 12:00
Оқылды: 159

Елімізде «AI-Sana» стартаптарын бизнес-үдеткіш бағдарламасы іске қосылады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында Қазақстанда жасанды интеллектіні қолдануға мүдделі стартаптарға бизнесті үдетуді ұсынатын «AI-Sana» бағдарламасы әзірленіп жатқанын хабарлады.

9815e88e-3435-4adb-a2b9-f3fcdd59db70

Сурет: telegram.org

Бағдарлама жасанды интеллектті әртүрлі салаларда қолдануға мүдделі стартаптарға бизнесті жеделдетуді қамтамасыз ететіні атап өтілді. Ел өңірлеріндегі жетекші университеттер зияткерлік капиталдың негізгі көзі болады.
«Биыл 650 мың студент жасанды интеллект бойынша арнайы курстардан өтеді, ал екінші кезеңде 100 мың студент Стэнфорд жоғары білім беру мектебінің бас техникалық директоры Пол Киммен бірлесіп дайындалған курстарды оқиды. Жыл соңына дейін біз жасанды интеллект саласында 1-1,5 мың стартап команда құруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале