12.03.2025, 12:15
Оқылды: 135

Оқу-ағарту министрлігі: балалар құқығын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды шаралар іске асырылуда

2024 жылы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған алты заң қабылданды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан хабарлады.
97503ade-0b19-46d7-a87f-246597f70c9a

Сурет: telegram.org

«Қабылданған заңнамалық акт бастамалары аясында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысаны үшін жауапкершілікті қатаңдататын нормалар, құрылыс компанияларын терезелерге құлыптар немесе қауіпсіздік тетіктерін орнатуға міндеттейтін нормалар енгізілді, баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынып, оған әкімшілік жауапкершілік көзделді; балаларды саудалаудың алдын алу шаралары күшейтілді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты нығайтылып, барлық өңірлерде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілдер тағайындалды», - деді спикер.

Сонымен қатар, қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандарының штат санының нормативі белгіленді, тәлімгерлік институты енгізілді.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале