13.03.2025, 10:45
Оқылды: 112

Батыс Қазақстан облысында прокурордың араласуынан кейін педофилге әкімшілік қадағалау белгіленді

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы прокуратурасы жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалау орнату бойынша қабылданған шаралардың уақытылығына талдау жүргізді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жазды. 

64ff1abb64bf0b54f695738bf2cce327_1280x720

Сурет: gov.kz

Әкiмшiлiк қадағалау қауіпті қайталанатын қылмыстың алдын алу нысаны. Заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн сақтау негiзiнде iске асырылады және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңдармен белгiлi бiр шектеулер қойылған осындай адамдардың мiнез-құлқын байқау түрiндегi мәжбүр ету шарасы ретiнде судьяның қаулысы негiзiнде iшкi iстер органдары жүзеге асырады.

Талдау барысында кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеген адамға 7 жылдан астам әкімшілік қадағалауды орнатпаудың фактісі анықталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале