13.03.2025, 17:15
Оқылды: 682

Шыңғырлау ауданында «Бала дауысы» байқауы қорытындыланды

Шыңғырлау ауданының мәдениет саласы өнерді дамыту, таланттарды қолдау, шығармашылығын өрістету мақсатында айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді. Соның бірі ақпан айында көрерменіне жол тартқан «Бала дауысы» атты жаңа жоба болатын. Бұл жобаны Шыңғырлау аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, аудандық  білім беру бөлімдері қолдап, аудандық  мәдени-демалыс орталығы ұйымдастырды.

 Изображение WhatsApp 2025-03-13 в 10.47.29_edfa3290

 Байқаудың мақсаты: эстрадалық вокалды шығармашылықты насихаттау, талантты жас орындаушыларды іздеу, қатысушылардың  орындаушылық мәдениетінің шеберліктерін арттыру және жас таланттардың одан әрі шығармашылық өсуі мен өзін-өзі көрсету үшін жағдайлар жасау болатын.

Изображение WhatsApp 2025-03-13 в 10.47.29_554692e6

 Байқау шартының І-ші кезеңі бойынша «Көрмей тыңдау», ІІ-ші кезеңде халық, ІІІ-кезеңде патриоттық әндер орындау қажет болатын. Осы кезеңдерден сүрінбей өткен талапкерлер жартылай финалға жолдама алу керек болды.

 Барлық үміткерлер барынша дайындықпен, үкілі үмітпен келген еді. Жобаға өтініш білдірген 27 қатысушы әр кезең сайын өздерін барынша танытуға, ұсынған шығармасын мейлінше көрерменіне жеткізуге ұмтылды. Қатысушыларды үш тәлімгер Әйгерім Асанова, Аңсаған Қибашов, Айдос Исекенов іріктеп алуға тырысты. Жартылай финалға өткен 15 өнерпаз үшін ақырғы шешуші кезеңнің көңілді бірде күпті, бірде үмітті еткенінде сөз жоқ.

Көптен күткен күн де келіп жетті. Финалда сахна төріне шыққан жоба қатысушылары бар дайындықтарын паш етуге тырысты, өздерін өнер жолына лайықты бола алатындықтарын дәлелдеуге тырысты. Нәтижесінде Ә.Асанова  тәлімгерлік еткен Дария Лесова (Ардақ ауылы) ІІІ орынға, А.Хибашов тәлімгерлік еткен Мейрамгүл Омарғалиева (Ащысай ауылы) ІІ орынға, ал талантымен тәнті еткен  А.Исекеновтің тәлімгері Аянат Қабдолла (Шыңғырлау ауылы) І орынға ие болды.

Изображение WhatsApp 2025-03-13 в 10.47.28_c558b057

Аудандық мәдени-демалыс орталығы атынан жеңімпаздар ақшалай жүлде және сыйлықтармен марапатталды.

Алғашы жаңа жобаның тұсауы кесіліп, ауданымыздың өнер көгінде жаңа жарық жұлдыздардың жануына барынша үлес қосқан аудандық мәдениет саласының барша қызметкерлері мен аудандық мәдениет үйінің режиссері Бегайым Аубакированың қосқан үлестері өлшеусіз екенін айта кеткен ләзім.

                                                                                Айгүл Байғалиева

 Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале