14.03.2025, 14:45
Оқылды: 189

Казталовтықтар көрісу күні мейрамын тойлауда

Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің еңбек ұжымы еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» он күндігі аясында «Көрісу күні — Амал мерекесі» шарасын ұйымдастырып, көрісуге келген қонақтарды мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, колледж студенттерімен көңілді өткізуде.

IMG-20250314-WA0129

Ән-жырдан шашу шашылып, ел дәстүріне етене енген батыс өңірінің «Көрісу күні - Амал мерекесі» құтты болсын! Көрісу – қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше мейрамдардың бірі. Бұл күні кейінгі буын өкілдері жасы үлкен адамдарға арнайы барып, үлкен әулет мүшелеріне амандық-саулық тілеп, үй-үйді аралап, көріседі.

IMG-20250314-WA0131
Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды жасөспірімдер санасына сіңіру мақсатында Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі осындай үлкен шараны жыл сайын ұжым болып атап өтеді. Төл мерекемізге айналған «Көрісу күні» мейрамы құтты болсын, - дейді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айзада Молдашева.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале