14.03.2025, 15:00
Оқылды: 218

Сырым ауданында бас киіз үй ашылды

 

Бүгін Амал мерекесі күні Сырым ауданының орталығы Жымпитыда бас киіз үй ашылды. 

WhatsApp Image 2025-03-14 at 16.07.05

Аудандық әкімдіктің жанынан тігілген ақбоз үйдің алғашқы қонақтары - қариялар болды.

PHOTO-2025-03-14-12-50-23 (1)

Қазақы қағидамен ауыл үлкендері сәлем берген Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов жерлестерін Наурыз тойының басталуымен құттықтады. Еңбек ардагері Ысқақ Күрпілдесов бата берді.

WhatsApp Image 2025-03-14 at 16.07.48

Орталық алаңда “Бір жасыңмен!” атты мерекелік шара өтті. Жымпиты халық театры “Сүйінші!” қойылымын ұсынды. Әнші - сазгер Алмас Елшібеков “Наурыз - көктем!”, әншілер тобы “Ата дәстүр”, Сәлімжан Әубәкіров “Қазағым - ау”, Айгүл Сисенова “Дей салдым - ау!” әндерін шырқады.

Отаудың жанынан ошақ көтеріліп, бауырсақ пісіріліп, халыққа таратылды. “Қайсар” спорт клубы ұйымдастырған асық ату, арқан тарту сайыстарына қатысушы балалардың қарасы көп.

Жұмагелді Батырниязов айтқандай, бас киіз үйдің ашылуымен Сырым ауданында Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталады. Шаңырақ - Сырымдағы Наурыз тойының символы.

Бүгін боз үйде ауыл үлкендеріне ас берілді.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале