Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірде салынып жатқан «Жайлы мектеп» бағдарламасымен салынып жатқан білім ордаларының құрылыстарымен танысты.
Өңір басшысы Орал қаласы Зашаған кентіндегі (600 орындық мектеп), Бәйтерек ауданы Достық ауылындағы (1200 орындық мектеп), Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылындағы (600 орындық мектеп) мектептерге барды.
Облыс әкімі мердігер компания басшыларына мектептер құрылысы жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізуді тапсырды.
«Облыста салынып жатқан жайлы мектептерді аралап жүрмін. Өңіріміздегі жайлы мектептер Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатыр. Сондықтан білім ордаларының құрылысы барынша сапалы әрі уақытылы аяқталуы тиіс. Бұған әрбір мердігер компаниялардың басшылары жауапты. Сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының өңірлік өкілдігіне және салаға жауапты орынбасарыма барлық жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырдым»-деді Нариман Төреғалиев.
Айта кетейік, 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 6 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.