Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында қардың қарқынды еруі нәтижесінде Шідерті өзенінің деңгейі күрт көтерілді, - деп жазады Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ақсай-Жымпиты автожолының 27-ші шақырымында, Аралтөбе ауылының жанында су негізгі өткелді жөндеу кезінде салынған уақытша көпірдің айналасындағы топырақты шайып кетті.
Сурет: бейнежазбадан алынды
Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің күшімен өзен деңгейі төмендегеннен кейін уақытша көпірді нығайту үшін инертті материалдары бар қаптар толтырылып жатыр.
Жергілікті тұрғындар жедел хабардар етілді, елді мекендерге қауіп жоқ.
Қазіргі уақытта Бөрлі ауданы Ақсай қаласы жағынан баламалы жол жүру жолдары бар.
Қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі төмендегеннен кейін бірден басталады.