Жәңгір хан көшесі Әзірбайжан көшесінен бастап Айтқұлов көшесіне дейін, ал Айтқұлов көшесі Орал-Саратов тас жолынан Жәңгір хан көшесіне дейін жөнделеді.
Қос көше де Зачаган кентіндегі негізгі көшелердің қатарына кіреді. Бұл көшелердің асфальт жабыны ескіруіне байланысты орташа жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданған.
Қазір автокөлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау мақсатында жол құрылысы маусымы басталғанға дейін Жәңгір хан және Айтқұлов көшелерінің шұңқырларын ескі асфальт қалдықтарымен бітеу жұмысы жүргізіліп жатыр.