2025 жылдың 7 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын ардақты аналар, іскер әйелдер, еліне сыйлы, еріне адал қазақ ханымдары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен республикалық «Аяулы ана» байқауында Жалпақтал балалар өнер мектебінің терме сыныбының оқытушысы, ардагер ұстаз Баян Қабиева І орын иемденіп, бала тәрбиесіне қосқан айрықша еңбегі үшін «Аяулы Ана» орденімен және І дәрежелі арнайы Дипломмен марапатталды.
Саналы ұрпақ тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосып, сансыз биіктерді бағындыра білген ауданымыздың мақтанышы Баян Құбайқызын жерлестері атынан айтулы марапатымен қызу құттықтаймыз.
Көктемнің жаймашуақ күндерінде керемет табысқа кенелткен айтулы марапатыңыз құтты болсын!
Абырой-беделіңіз артып, арамызда аман жүре беріңіз.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы