18.03.2025, 14:45
Оқылды: 232

Жаңақала ауданында думанды шара өтті

Жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тас еритін Наурыз мерекесі қарсаңында «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының» ұжымы мекеме ауласында «Наурыз тойым – мерекем, салт-дәстүрім – мерекем» атты мерекелік шарасын ұйымдастырды.

image-18-03-25-11-57

Оған аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Жаймов пен оңалту орталығының  басшысы Жәнібек Успанов қатысып, ізгі лебіздерін жолдады.

image-18-03-25-11-57-3

Сондай-ақ бүгін Наурызнаманың онкүндігіне сай – Ұлттық киім күні. Шараға жиналғандардың бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын, ұлттық мұрамызды ұлықтайтын көз тартар көрікті киімдері алыстан арбап, көздің жауын алды.

image-18-03-25-11-57-11

Әр өңірден келген ем алушылар  «Мерекем», «Наурыз-көктем» әндерін орындаушылармен қосыла шырқап, «Сәукеле» мен «Қара жорға» биін түрлендіре билеп, тойдың сәнін кіргізді. Сонымен қатар Қ.Жантілеуов атындағы аудандық балалар музыка мектебінен келген бір топ ұстаздардың да сазды бағдарламаларын тамашалап, Қыдыр атадан бата алып, «Бесікке салу» рәсімінің де куәсі болдық.

image-18-03-25-11-57-7

Шара соңында жиылған қауым аулаға тігілген ақшаңқай киіз үйде даярланған дастарханнан дәм етіп, ұлттық ойынымыз - арқан тартыстан сынға түсті.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале