19.03.2025, 9:15
Оқылды: 228

Ұлттық банк UKI инвестициялық алтын монетасы айналымға шығарды

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан – ERÝLIK, «Жаратылыс сырлары» сериясынан – ÙNDILIK TANYM және «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан – S. NURMAGAMBETOV. 100 JYL коллекциялық монеталары 2025 жылғы 20 наурыздан бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатыла бастайтынын хабарлайды.

ERÝLIK монеталары:

- күмістен дайындалған, сынамасы – 925. «Интерференциялық құбылмалы қабат» технологиясы қолданылған. Массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңге, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;

Күмістен дайындалған монетаның бейнесі

ЕРУЛИК СЕРЕБРО 1000

- мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 10 000 (он мың) дана;

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

ЕРУЛИК МЕЛЬХИОР 200

- нейзильбер (МНЦ 15-20) қоспасынан дайындалған, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 – теңге, таралымы – 100 000 (жүз мың) дана.

Нейзильберден дайындалған монетаның бейнесі

ЕРУЛИК АВ РЕВ 200 нейзильбер

ÙNDILIK TANYM монеталарының құрамында тантал бар, 925 сынамалы күмістен күрделі технологиямен дайындалған. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңге, дайындау таралымы – 500 (бес жүз) дана.

Монетаның бейнесі

ИНДИЙСКИЙ ВЗГЛЯД АВ РЕВ 2000

  1. NURMAGAMBETOV. 100 JYL монетасы мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 5000 (бес мың) дана.

Монетаның бейнесі

НУРМАГАМБЕТОВ АВ РЕВ 200

Сурет: nationalbank.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале