Өз ісін ашып, нәпақасын айырам деген жәнібектік кәсіпкерлер қатары күн санап артып келеді.

Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында аудан орталығынан шағын дүкені халыққа есігін ашты. Дүкен сөрелерінде халықтың күнделікті қажеттілігі нан, қант-тұздан бастап, тәтті бәліштер, шұжықтың түр-түрі, кондитерлік өнімдер мен қоса тұрмыстық заттар жайнап тұр.

Дүкен иесі – «Илимисов» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Есбол Елемесов.

Айта кету керек, бұдан бірнеше жыл бұрын аталған дүкен жұмыс жасап тұрды. Бірақ бұл жерде азық-түлік ғана болды. Қазір дүкеннен керегіңнің бәрін табасың.

Міне, ресми түрде ашылуынан соң, тұрғындар өз қажетіне керекті өнімдерін сатып алып жатты. Алғашқы келген сатып алушыға 5 мың теңгелік сертификат табысталды.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
