20.03.2025, 19:00
Оқылды: 278

Жәңгір хан университетінде Ұлыстың ұлы күні тойланды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара өтті.

IMG_9834

Салтанатты шарада алдымен сөз алған басқарма төрағасы-ректордың бірінші орынбасары Өтеген Таубаев оқытушылар мен қызметкерлерді және білім алушыларды ұлттық мерекемен басқарма атынан құттықтады. Сондай-ақ ұжымда этностильді насихаттап, ерекше көзге түскен Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма ұжымы мен Тілдерді дамыту орталығының оқытушыларын ректордың алғыс хатымен марапаттады. Бұдан соң университет ұжымын Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директоры Нұржан Тасболатов өнер ордасымен қарым-қатынас орнатып, бірлесе жұмыс жасап жүрген оқытушыларға алғыс хаттар табыстады.

IMG_9742

Мерекелік шарада университеттегі «NUR» би ансамблі, «Тұмарым» вокалдық ансамблінің өнерпаздары және «Нарын сазы» ұлттық аспаптар ансамблі өнер көрсетіп, көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады. Шара барысында көпшілік БҚО Дизайнерлер мен модельдер қауымдастығының президенті Әсем Кенжебайқызының авторлық ұлттық киімдер топтамасын тамашалады.

Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған дәстүрлі «Жеті қазына» жобасы аясында институттар «Салт-дәстүр» бағыты бойынша театрландырылған көріністерін ұсынды. Осы кеште ақпан айында басталған аталмыш жобаның «Сөз сандық», «Асыл мұра», «Ұлы дала ғажайыптары» бағыттары бойынша өткізілген  сайыстар мен байқаулардың жеңімпаздары белгілі болды.

БҚАТУ медиа орталығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале