26.03.2025, 20:00
Оқылды: 319

Оралдық жас футзалшы ұлттық құрама сапына енді

Рикардо Кака баптайтын футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Еуро –2025» турниріне берілетін жолдаманы Франция, Португалия және Беларусь құрамаларымен сарапқа салады. Іріктеу кезеңінің матчтары Порту қаласында өтеді. Кака іріктеу кезеңі матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімін жасақтады. Португалияда ел намысын қорғайтын жас футзалшылар арасына оралдық «Бәйтерек» клубының жас қақпашысы Әскер Наурызбаев енді.

c7232793-8a0b-424c-a441-08b0f2d2c169

Назарларыңызға Португалияда ел намысын қорғайтын жас футзалшылар тізімін ұсынамыз.

Қақпашылар: Әскер Наурызбаев («Байтерек»), Артур Галиханов («Аят»);

Алаңдағы ойыншылар: Георгий Калачев («Тұлпар»), Алязиз Камалов, Алихан Хасен, Сайфулла Қоспанов  (барлығы «Ақтөбе»), Әлімжан Сейтнұр («Жетісу»), Нұрмұхамед Исмаилов, Заур Гайдаржи (екеуі де «Аят»), Диас Нышанов («Ордабасы»), Әлмерек Тілеуберген («Кайрат»), Семен Тарасенко (Түмен-Ресей).

Ойын кестесі:

27 наурыз күні сағат 20.00-де:

Франция U19 – Қазақстан U19

 «Гондомар», Порту, Португалия

28 наурыз күні 23.55-те:

🇵🇹 Португалия U19 – Қазақстан U19 🇰🇿

 «Гондомар», Порту, Португалия

30 наурыз күні 17:00-де

🇰🇿 Қазақстан U19 – Беларусь U19 🇧🇾

 «Гондомар», Порту, Португалия

Айта кетейік Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне топ жеңімпазы ғана шығады.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале