3.04.2025, 23:00
Оқылды: 106

Ауыз суды үздіксіз беру тапсырылды

Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев әріптестерімен бірге аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтып отырған "Жаңақала топтық су құбырына" барды.

image-03-04-25-05-15-3

Тұрғындарға үздіксіз су беруді қамтамасыз ету, “Коммунал” МКК әлеуетін арттыру, теңгерімдегі техникалардың жағдайы, су сүзгілерін уақытылы ауыстырып отыру жөнінде сөз болып, кейін лас су төгетін орынның, ауылдың оңтүстік бетіндегі тұрмыстық қалдықтар төгетін полигонның жәй-күйімен танысты.

image-03-04-25-05-15-2

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап ҚазСуШар "Жаңақала топтық су құбыры" мекемесі Жаңақала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) «Коммунал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының теңгеріміне берілген болатын.

image-03-04-25-05-15

Осыған байланысты тұрғындардың ауыз суға байланысты коммуналдық төлемдердің реквизиттері өзгеріп, баға өзгеріссіз қалды. Алдағы уақытта төлемдерді қалай төлеу керектігі жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале