Бүгін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен Орал қаласының Деркул кентінде көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау өтті.
Облыстық филиал атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев, өкілетті мемлекеттік мекеме өкілдері жол құрылысы, жарық жүйелері жұмысы, қоғамдық көлік жұмысына қатысты сұрақтарымен келген тұрғындарды қабылдады.
Деркөл кенті Сарыарқа ауданы Балдәурен, Талпын көшелеріне асфальт төселу жұмыстарын жүргізу туралы топтық өтінішпен көше тұрғындары келді. Құзіретті мемлекеттік мекемеден Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев аталған көшелерде былтырғы жылы басталған жұмысты жалғастырып белгіленген мердігерлер сәуір айының соңында қарқынды жұмыс басталатынын жеткізді.
- Сарыарқа ауданындағы 5 көшеге былтырғы жылы жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтадық. Осы жұмыстар легі жалғасы ретінде көршілес Балдәурен, Талпын көшелерін қырып, тазаладық. Дегенмен 2024 жылы жөндеу жұмыстарын аяқтай алмадық. Қазір көктем мезгілі келіп, күн райы реттеліп келе жатыр. Мердігерлер сәуір айында толық ауа-райы реттеліп, жер кепкеннен кейін сәуір аяғының аяғына дейін жол салу жұмыстары басталады, - деді қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.
Деркул кентінің Алтынсарин, Мектеп көшелерінің тұрғындары да жол салу мәселесіне қатысты алаңдаушылық білдіреді. Осы кенттік округте ұзақ жылдар бойы тұрғылықты тұрып келе жатырған тұрғындардың өтініштері тыңдалып, келесі 2026 жылға кентте салынатын жолдардың тізіміне енгізілу қажеттігі айтылды.
- Осы Деркул кентіндегі көппәтерлі үйдің тұрғынымын. Бүгін партияның қабылдау өткізіп жатырғанын естіп, өзімнің және тұрғындар чатында көтерілген мәселелерді жеткізу үшін келіп отырмын. Сарыарқа, Көкжиек аумақтарындағы бірқатар көшелерде асфальт төселіп, жол жақсы деңгейде жасалған. Біздің бөліктегі жол мәселесін көп уақыттан бері, кент әкіміне, қала әкіміне де жеткізіп келеміз. Сонымен қатар кент аумағында тозығы жеткен мәдениет үйі болып, ол бұзылды. Енді бізге қай уақытта мәдениет үйі салынатынын білгіміз келеді. Оған қоса халыққа қажетті емхана құрылысын да жоспарға қосу екендігін қаперлеріңізге беремін, - деді Даль көшесі 14-ші үйдің тұрғыны Талғат Досмағамбетов.
Мобильдік қабылдау аясында барлық тұрғындар өтініштері тяңдалып, өкілетті мемлекеттік мекемелерге тиісті жұмыстар жүргізілу үшін ұсынбалар берілді.
Зарина Каирова
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының
баспасөз хатшысы