9.04.2025, 11:00
Оқылды: 248

«Қазақстанның футбол клубтары» және «Қазақстанның футбол федерациясы» коллекциялық монеталары сатуға шығарды

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 11 сәуірде ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz  интернет-дүкені арқылы «Спорт» сериясынан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» және «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлайды.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» монеталарының 13 түрі әрқайсысы 7 000 данадан шығарылған. Олардың ішінде 5 000 монета жеке блистерде, 2 000 монета сувенирлік блистер жиынтығында ұсынылады.

2 000 данамен шығарылған сувенирлік блистер жиынтығы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» 13 түрлі монетадан және бір дана «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» монетасынан тұрады.

Барлық монета мельхиор қоcпасынан (МН 25) жасалған, салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» монеталарының бейнесі

WhatsApp Image 2025-04-09 at 11.53.57

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» монетасының бейнесі

WhatsApp Image 2025-04-09 at 11.54.40

Сурет: nationalbank.kz

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале