Аудан бойынша «Таза Қазақстан» акциясына орай санитарлық-экологиялық айлық аясында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары, тұрғындардың қатысуымен сенбіліктер шеру тартты.

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Ердос Үмітов, Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәкен Сарбөпеев, полиция, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері аудан орталығын кіреберіс жол мен «Атырау-Орал» тас жолының бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, иелерімен жүздесті.
Олардың әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелескен Ердос Рашидұлы тазалық сақтау, сенбілікке бір кісідей жұмылып, қатысу керектігін қаперледі. Сонымен қатар ол абаттандыру ережелерін мүлтіксіз сақтап, ғимарат айналасын реттеп, тап-тұйнақтау ұстауды кәсіпкерлердің есіне тағы салып, тиісті тапсырмалар берді.
Аида Асылбек,
Ақжайық ауданы