9.04.2025, 17:00
Оқылды: 316

«Uniserv Medical Center» клиникасында жаңа пластикалық хирургия бөлімшесі ашылды

 

Бөлімше пациенттер үшін жайлы жағдай жасалған заманауи тәулік бойғы стационармен қамтылған. Екі операциялық блок және тәулік бойғы реанимация медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейіне кепілдік береді.

WhatsApp Image 2025-04-09 at 17.13.42

«Клиниканы дамытудағы маңызды қадам - Швейцарияда шығарылған арнайы жабдықтарды, Еуропада өндірілген медицина құралдарын, сапа мен қауіпсіздіктің ең жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін бір реттік медициналық бұйымдарды сатып алу болды. Жаңа жабдық дәрігерлерге жайлылықты қамтамасыз ете отырып, пациенттер үшін ең жоғары дәлдікпен және ең аз тәуекелдермен операциялар жасауға мүмкіндік береді. Біз өз клиенттерімізге пластикалық хирургия саласындағы озық технологияларды ұсына алатынымызды мақтан тұтамыз. Бұл - біздің медицинаға инновацияларды үздіксіз енгізуге және жетілдіруге деген ұмтылысымыздың белгісі», - дейді «Uniserv Medical Center» бас директорының м.а. Алтынай Салыхова.

Пластикалық хирургия бөлімшесінде көптеген операция түрін ұсынуға дайын, көп жылдық тәжірибесі бар, жоғары білікті пластикалық хирургтар жұмыс істейді:

Блефаропластика - көздің астындағы ісіңкі бөлікті жою және қабақтың сыртқы түрін жақсартуға бағытталған операция.

Бетті тарттыру - қартаю белгілерін азайту үшін теріні қатайту.

Кеудені үлкейту – кеуде көлемін ұлғайту үшін импланттарды орнату.

Липосакция - дененің әртүрлі аймақтарынан артық майды кетіру.

Абдоминопластика - іштің пішінін түзету, артық тері мен майды кетіру.

Құлақ пішінін өзгерту.

Медицина қызметкерлерінің кәсібилігі және әрбір пациентке жасалған жағдай табиғи сұлулықты шыңдай түсуге және қажетті түзетулер енгізуге көмектеседі.

Егер көктемді сенімділікпен және қуанышпен қарсы алғыңыз келсе, жаңа бөлімшенің дәрігерлері қабылдауға дайын.

Кеңес алуға жазылу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:

8-771-880-20-20, 8-771-880-02-02. Мекенжайы - Шолохов көшесі, 36.

Байланыс номері:

Нұрғалиева Ақнұр

8-775-412-62-53

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале