11.04.2025, 9:30
Оқылды: 376

Жаңақалада мекемелер арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған фестиваль жалғасын тапты

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебі, Жас туристер станциясы, Мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұмытылмас ұлы күн» атты фестивальдің кезекті концерттік бағдарламасы өтті.

image-10-04-25-09-51

«Майдангерге күш берген қазақ өнері» көрмесі ұсынылып, ерекше үлгіде бейнеленген қолөнерлер тамашаланды. Әрі қарай, ұрыс даласында қаза тапқан батырларды үнсіздікпен еске алды. Содан соң, сұм соғысты сипаттайтын бейнебаяндар көрсетіліп, аталмыш білім ордасының жетекшілері мен оқушылары мың бұрала би билеп, зұлмат соғысқа арнаған көркемсөздері оқыды.

image-10-04-25-09-51-3

Сондай-ақ, әсерлі ән шырқап, күмбірлете күй тартқандар көрермен жүрегіне жол тартты. Өшпес із қалдырып, жанкештілікпен жеңіске жету жолында тер төккен аудан ардагерлерінің жұбайларына гүл шоқтары табыс етілді.

image-10-04-25-09-51-5

Шара аталмыш мекеме қызметкерлерінің орындауында «Жеңіс күні»  хорымен қорытындыланды.

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале