Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде күн тұрақсыз болады. Жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қазгидромет болжамын жариялады.

Жауын-шашын (жаңбыр, қар) 12 сәуірде Қостанай, 13-14 сәуірде Ақмолада, 14 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, 14 сәуірде Ұлытау облысында болады деп болжануда. Республика бойынша тұман күтіледі.
12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан, Атырау, 12-14 сәуір Ақтөбе, 13-14 сәуір Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады деп болжанып отыр.
Күндіз температуралық фон:
Елдің батысында 13-20-дан 17-23-ке дейін жылу көтеріледі.
Оңтүстік-батыста 15-20-дан 22-27-ге дейін жылу көтеріледі.
Солтүстік-батыста 8-15-тен 12-20-ға дейін жылу көтеріледі.
Солтүстікте, орталықта 20-25-тен 10-15-ке дейін жылу төмендейді.
Шығыста 23-29-дан 12-20-ға дейін жылу төмендейді.
Оңтүстікте жылу 28-33-тен 23-28-ге дейін төмендейді.
Оңтүстік-шығыста 23-33-тен 18-25-ке дейін төмендейді.