16.04.2025, 16:15
Оқылды: 409

Майдангер ұстаздар да жеңіске зор үлес қосты...

Казталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылындағы Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Жеңісті жақындатқан майдангер ұстаздар» атты оқушылардың ғылыми конференциясы өтті.

IMG_5577

Мектеп оқушыларына ерлік пен батылдық туралы түсінік беру мақсатында оздырылған конференция барысында Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен еңбегін паш етіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа еліміздің патриоты болуға тәрбиелеу көзделген болатын. Шара негізгі мақсатқа қол жеткізіп, зал фоесінде соғысқа қатысқан ұстаздардың суреттерінен көрме ұйымдастырылып, 10 сынып оқушысы Динара Ғұмар, 8 сынып оқушысы Томирис Серікова, 10 сынып оқушысы Қарақат Мұхамбетқали, 8 сынып оқушысы Нұрай Орынғали, 8 сынып оқушысы Мерей Дәуренқызы өздерінің дайындаған зерттеу жұмыстарын ұсынып, оған Жалпақтал мұрағатының директоры Миржан Маратұлы осы тақырыпты талдап жүрген маман ретінде өз пікірін білдіріп, оқушыларға «Менің атам майдангер» атты кітабы туралы қысқаша мәлімет берді.
- Кешегі сұм соғыс – адамзат тарихындағы қанқұйлы соғыстардың бірі деп бағаланғанын бәріміз жақсы білеміз. Еліміздің әрбір азаматы бұл соғыста елі үшін күресті. Олардың қатарында ұстаздар да болып, ел басына күн туғанда қолына қару алып, Отанын қорғауға аттанды. Олардың ерлігін үлгі ете отырып, біз болашақ өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі-өнеге етеміз. Бүгінгі конференцияға «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі, белгілі ақын Қыдыр Харесұлы, Жалпақтал ауылының мұрағат директоры Миржан Карабалин, мектеп директоры Мәншүк Жексенова, метебіміздің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы және мектеп мұражайының меңгерушісі Ләйла Әдиетқызы және 8-10 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Осы соғысқа қатысып, жеңісті жақындатқан майдангерлер қатарында мектебімзде қызмет еткен майдангер ұстаздарда болғанын мақтанышпен айта аламыз. Сол ұстаздарымыз туралы дәйекті деректер жинап, зерттеу жұмыстарымен айналысқан оқушыларымыздың еңбектеріне алғыс айта отырып, үлкен табыс тілейміз,- деді мектеп директоры Мәншүк Ізбасарқызы. Соғыстың жеңісі – бейбіт өміріміздің кепілі. Біз, осындай тыныш, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымыз үшін майдангер аталарымызға мәңгі қарыздармыз. Батырлар есімі жүректерде мәңгі сақталады.

Қыдыр Қарабала,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале