16.04.2025, 17:20
Оқылды: 554

Әлі 144 сарбаз жерленбеген

Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толмақ. Арада қанша жылдар  өткенмен бөкейліктердің жадынан  соғыстың суық ызғары кеткен емес.

іздестіру тобы (1) (1) Жыл сайын ауданымызға арнайы іздестіру тобы келіп келіп, қазба жұмыстарын жүргізіп жүр. Биыл да майданда опат болған сарбаздардың сүйегін іздестіру мақсатымен Сайқын ауылына «Ақсай» іздестіру тобы келіп кетті. Өздеріңізге мәлім  аудан аумағында мерт болған сарбаздардың сүйектері жыл сайын табылып жатыр.  Гатчинск дивизиясы  жауынгерлерін санамағанда  бұған дейін тағы да  45 сарбаздың сүйегі табылған еді.  Ал күні бүгін  «Ақсай» іздестіру тобының жігіттері  тағы бір сүйекті тапты.

Аталмыш іздестіру жұмыстары Сайқын ауылдық округіне қарасты №65 теміржол айырығы мен Шоңай елдімекеннің    ортасында жүргізілген. Дегенмен, табылған сүйектің  қасында не арнайы белгісі, не киімі секілді айрықша белгілері  болмағандықтан оны  дәл сарбаздың сүйегі деп  нақты айта алмай отырмыз дейді  іздестіру тобының  басшысы Қуанай Ікзеков.

іздестіру тобы (2) (1)

Ал іздестіру тобымен  қазба жұмыстарының басы-қасында жүрген  аудандық балалар- жасөспірімдер туризм және экология орталығының басшысы Жұбан Ғұмаров Сайқын ауылдық округі аумағында  әлі 144-ке жуық сарбаздың сүйегі бар дейді.

Темхар Рахметолла,

Бөкей орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале