2025 жылдың 29 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Бүгінгі журналистика: сын-қатерлер, трендтер, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл» семинары өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жазды.

Сурет: gov.kz
Іс-шара журналистердің заманауи технологияларды қолдана отырып, медиа өнімдер жасау, сөз сөйлеу өнері, медиа сауаттылық, журналистер мен мемлекеттік органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіру бойынша кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған.
Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Халықтың медиасауаттылығын дамыту және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттырудың 2025 жылға арналған жоспары шеңберінде іске асырылады.
Спикерлер ретінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі, «Jambyl» телеарнасының өкілдері сөз сөйлейді.
Іс-шара келесі мекенжай бойынша өтеді: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 2.3. корпусы, 308 кабинет – Тәуелсіздік залы.
БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/pSW2LHu3oNVCpXam8.
Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысуға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция көрсетіледі:
https://us04web.zoom.us/j/77332438044?pwd=3aifr5n2NcM1Uaaf2p8mIfYkpwizdn.1 (конференция идентификаторы: 773 3243 8044, кіру коды: 2yqStu).
Сұрақтар бойынша +7 7172 74 01 86 байланыс нөміріне хабарласуға болады.