18.04.2025, 11:00
Оқылды: 370

Казталов ауданы: 80 жылдыққа — 80 терек

Казталов ауданының Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылында орналасқан Кеңес Одағының батыры Ахмедияр Хұсайынов атындағы мектептің ауласына Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай — 80 түп тал көшеттері отырғызылды.  IMG_5619

Заманауи үлгіде салынған жаңа мектептің ауласын жасыл-желекпен көмкеру мақсатында қолға алынған осынау үлкен бастаманы — ауыл ұстаздарының ұсынысымен жүзеге асырған Жұлдыз ауылының төл перзенті, өңірге танымал журналист  Ақболат Қатешов мырзаға ауылдастары шын көңілдерімен риза болуда.

IMG_5603
-Ауыл ұстаздарының ұсыныс-тілектеріне ден қойып, туған жерін көркейту мақсатымен жаңа мектебіміздің ауласына 80 түп тал көшеттерін отырғызуға мүмкіндік туғызған Ақболат Қатешов ағамызға барлық ауылдастарымыз атынан шексіз алғыс білдіреміз. Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне тарту етіп, арнайы әкелген 80 түп тал көшеттерін мектептің ұстаздары мен оқушылары қуана қабылдап, алтын ұя мектептерінің ауласына сол мезетте отырғызып үлгерді. Қашан көрсеңде, елім деп еміреніп жүретін Ақболат Мұстажапұлындай белсенді, патриот ағалардың қатары әр ауылда да көбейе берсін, - дейді мектеп директоры Салауат Бекманов.
Болашаққа бағытталған берекелі бастаманың соңы әркез баянды болғай...

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

IMG_5621

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале