I тоқсанда темекі мен папирос өндірісі 4,6 млрд данаға жетіп, бір жыл ішінде 42%-ға артты. Қаңтар-наурыз айларындағы мұндай жоғары көрсеткіштер 2014 жылдан, яғни 11 жылдан бері тіркелмеген еді.

Сурет: istockphoto.com
Темекі өнімдерінің өндірісі біраз уақыт бойы тоқырауда болды. Егер толық жылдар қорытындысын қарастыратын болсақ, 2017 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта бұл көрсеткіш 17-18 млрд дана деңгейінде өзгеріп отырған.
Осылайша, 2024 жылдың алғашқы үш айындағы динамика темекі мен папирос өндірісінің тұрақты өсу үрдісінің басталғанын көрсетуі мүмкін.
Қаңтар-наурыз айларында өндірілген темекі өнімдерінің құны 92,7 млрд теңгені құрады. Инфляцияны ескергеннің өзінде, өткен жылмен салыстырғанда, төрттен бір бөлікке артық.
Айта кету керек, Қазақстан өз-өзін темекі өнімдерімен жақсы қамтамасыз етіп отыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі өндіріс барлық қолжетімді ресурстардың шамамен 80%-ын құраған.