18.04.2025, 14:30
Оқылды: 346

Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары Ақтау қаласындағы көтерме сауда-тарату орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлады. 

1744962294_KZ1_0436_2

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген.

1744962294_P1053597_2

Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін орталықтың екінші кезеңін іске қосу жоспарланған.

Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале