Орал қаласында жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бірнеше көшеде шеткі сызық бойымен төсемтас төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.

Сурет: бейнежазбадан алынды
Қазіргі таңда Есенжанов көшесі Шолохов көшесінен Омега жол өтпесіне дейін, А.Тайманов көшесі М.Мәметова көшесінен Х.Доспанова көшесіне дейін, Сарайшық көшесі Даумов көшесінен Айтиев көшесіне дейін, Даумов көшесі С.Сейфуллин көшесінен Исатай-Махамбет көшесіне дейін, Момышұлы көшесі Қызылжар көшесінен Абдолов көшесіне дейін, С.Датов көшесі Жайық көпірінен Шолохов көшесіне дейін, Ықсанов көшесі Тайманов көшесінен Айтиева көшесіне дейін, Абай даңғылы Айтиев көшесінен 2-ші база жол өтпесіне дейін, Назарбаев көшесі М.Мәметова көшесінен Некрасов көшесіне дейін, Гагарин көшесі 2-ші база жол өтпесінен Ружейников көшесіне дейін, Х.Доспанова көшесі А.Тайманов көшесінен Исатай-Махамбет көшесіне дейін, Исатай-Махамбет көшесі Х.Доспанова көшесінен С.Сейфуллин көшесіне дейін, Әбілқайыр даңғылы «Дэпо» жол өтпесінен Қызылжар көшесіне дейін, Абай даңғылы Исатай-Махамбет көшесінен Айтиев көшесіне дейінгі көшелерде қосымша төсемтас төселіп, жаңартылып жатыр.

Бұл жұмыстар қалалық инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалуына жағдай жасауға бағытталған.