19.04.2025, 12:00
Оқылды: 198

Казталов ауданы: жұлдыздық ағайындар тасаттық берді

Кеше жұлдыздық ағайындар әуелден ауылдастар арасында «Түбек» деп атанып кеткен мектеп түлектерінің арнайы жабдықтаған ауыл шетіндегі табиғат аясында жылдағы дәстүр бойынша тасаттық берді.

IMG_5655

Қазақ дәстүрінде «тасаттық» деп елдің бір жерге жиылып, ас беріп, дүниеден өткен ата-бабалар рухына құран бағыштап, елдің амандығы мен бірлігін Алладан сұрайтын қазақи жөн жоралғыны айтады. Биылғы тасаттық қасиетті Ораза айынан кейін берілді. Арнайы әзірленген ас-ауқат дастарханы дайын болған соң құран оқылып, барша көпшілік қол жайып «көктен жаудыр, жерден өндір» деп Аллаға жалбарынып, елде әділетті басшы болуын және халықтың бірлігі мен берекесін сұрап бата жасады. Одан кейін тасаттық беруге жиналған жерлестерінің алдында сөз алған Өтеп ақсақал мен Альфия апай және Жұлдыз ауылының ауылнайы Жанболат Ахметқалиев ауыл тұрғындарына амандық тілеп, осынау сауабы мол үлкен шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан барлық жерлестеріне алдыңғы буын ағалары атынан шынайы алғысын жеткізді.

IMG_5659

Ертеңгі жастар үшін ұлттық бағыттағы тәлім-тәрбиесі мол айтулы шарадан көпшілік қауым мол мағұлымат алып, жоғары көңіл күйде үйді-үйлеріне тарасты.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале